Ерсін Әміре – Қызылжар өңірінде

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Алматы қаласындағы «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре арнайы іс-сапармен Қызылжар өңірінде болды.

Ерсін Бекайдарұлының өңірге сапары «Қызылжар» орталық мешітінен басталды. Қала, аудан бас имамдарына «Дұрыс діни сенім – ынтымақ кепілі» тақырыбында семинар өткізді. Сондай-ақ осы мешітте өңірдегі қала, аудан, ауылдан жиналған жамағатқа «Исламдағы – бауырмалдық», «Намаз оқудың сауабы мен дәрежесі» тақырыптарында уағыз-насихат айтты.

Бұдан бөлек «Қызылжар» телеарнасының «Руханият» бағдарламасына «Дінді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» тақырыбында сұхбат берді.

Return to Top ▲Return to Top ▲