Тәубе ету

Барлық мақтау күллі әлемдердің Раббысы Аллаға тән! Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен  сәлемдер болсын!

«Тәубе ету »  сөзінің мағынасы : қайту, оралу, (Тәба иләллаһ) Ол Аллаға кайтты сөз тіркесі.

Өз күнәларынан құтылып  Аллаға бойұсынуға бел буды, деген мағынаны  білдіреді.

«Тәубе» сөзінің шәриғи  мағынасы : Алладан қорыққандықтан күнәнің  жиіркенішті екенін сезіну: Аллаға бағынбағаны үшін өкіну; осыған ұқсас  жаман, жиіркенішті әрі күнәлі істерге енді қайтып оралмау;  нақты  жігерлік  танытып, шешім қабылдау  және осы үшін барлық сақтық  шараларын жүзеге асыру дегенді білдіреді.

      Адам баласы періште де емес, шайтан да емес, бірақ нәпсімен жаратқан . Нәпсі болғандықтан адам жақсы мен жаманды, күнә мен сауап амалды жасайтыны анық. Қателікке бой алдырмайтын, күнә жасамайтын пенде жоқ. Алайда жасаған күнәсі үшін тәубе етіп, Алладан кешірім сұрай білген адам жақсы адам болмақ. Яғни ардақты Пайғамбарымыз(оған Алланың салауаты мен  сәлем болсын)  былай деген: 

كُلُّ بَنِي آدَمَ  خَطَّاءٌ وَخَيْرُ الْخَطَّائِينَ التَّوَّابُونَ

«Адам баласының бәрі қателік жасайды. Солардың ішіндегі ең жақсылары жасаған қателіктері үшін тәубе ететіндері», – деген (Ибн Мажа, зуһд 30). 

Адам күнәсіз  болса, оның жаратылу мақсаты  қалмайды. Себебі күнәсіз жаратылыс иесі періште. Адамның жаратылу мақсатының бірі күнә істеп, жасаған ісі үшін Жаратушыдан кешірім сұрап, тәубе ету. 

Алла пендесіне тәубе ету мүмкіндігін берді. Яғни адамға жасаған күнәсі үшін кешірім сұрау мүмкіндігі берілген. Пенде қандай күнә жасамасын, үмітсіздікке салынбауы керек. Алланың рахымы шексіз. 

قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَى أَنفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِن رَّحْمَةِ اللَّهِ إِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعاً إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ

«(Ей, Мұхаммед) айт: Ей, өз бастарына залал келтірген пенделерім! Алланың рахымынан үміт үзбеңдер. Алла (қалаған адамның) барлық күнәсін кешіреді. Ол өте кешірімшіл, асқан мейірімді» (Зумар сүресі, 53 аят).

Пенде жасаған күнәсі үшін өкініп, шынайы түрде тәубе етсе, тәубесі сөзсіз қабыл болады. Өйткені Алла тәубені қабыл етуші. Бұл жайында Құранда көптеген аятта баян етеді: 

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا تُوبُوا إِلَى اللَّهِ تَوْبَةً نَّصُوحاً عَسَى رَبُّكُمْ أَن يُكَفِّرَ عَنكُمْ سَيِّئَاتِكُمْ وَيُدْخِلَكُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ يَوْمَ لَا يُخْزِي اللَّهُ النَّبِيَّ وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ….

«Ей, мүминдер! Шын ниетпен Аллаға тәубе етіңдер! (Сонда ғана) Раббыларыңнан күнәларыңды жойып, іргесінен бұлақтар ағып жататын жәннатқа кірізу үміт етіледі. Алла ол күні пайғамбарды және онымен бірге иман келтіргендерді қорламайды…» (Тахрим сүресі, 8 аят)

وَهُوَ الَّذِي يَقْبَلُ التَّوْبَةَ  عَنْ عِبَادِهِ وَيَعْفُو عَنِ السَّيِّئَاتِ وَيَعْلَمُ مَا تَفْعَلُونَ

«Алла пенделерінің тәубесін қабылдап, күнәларын кешіреді, істегендеріңді біледі» (Шура сүресі, 25 аят).

وَمَن يَعْمَلْ سُوءاً أَوْ يَظْلِمْ نَفْسَهُ ثُمَّ يَسْتَغْفِرِ اللّهَ يَجِدِ اللّهَ غَفُوراً رَّحِيماً

«Кімде кім бір жамандық істесе немесе өзіне өзі кесір істесе, содан кейін (тәубе етіп) Алладан кешірім сұраса, Алланың асқан кешірімшіл, ерекше мейірімді екенін аңғарады» (Ниса сүресі, 110 аят).

Шаддад ибн Аус р.а. Алла елшісінПайғамбарымыз(оған Алланың салауаты мен  сәлем болсын)  былай деп айтақан  жеткізеді.

«Алладан кешірім сұрап  жасаған дұғалар» :  «Иә Алла , Сен-менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты еш нәрсе жоқ. Сен мені жараттың, ал мен сенін құлыңмын,  мен Саған  берген  уәдеме шамам жеткенше бекем боламын.  Өзім жасаған  зұлымдықтан пана іздеп  өзіне  сыйынамын, Сенің  маған жасаған мейіріміңді мойындайымын,  сондай –ақ  жасаған  күнәләрімді мойындаймын, кешір мені, өйткені, расында, Сенен басқа ешкім күнәләрді кешірмейді!».  

Осы сөздерге адам толығымен сеніп күндіз айтса , сосын сол күні  кешке дейін қайтыс болса,  онда Жұмақ тұрғындарының қатарында болады әрі осы  сөздерге  толығымен  сеніп кешке  айтса , кейін сол түннің  таңына дейін  қайтыс болса , онда Жәннат тұрғындарының қатарында болады. Деген. ( Имам Бұхари)

Жаратқан Алла Тағала пенделерін  бұл өмірде  бостан – босқа жаратқан жоқ .Адамзат бұл  дүниеде ақыреттегі мәңгілік өмір үшін жаратылды. Пенде бұл дүниеде өтуімен не жәннаттық болады, не тозақтық болады. Алайда Аллаға тәубе етушілерді  өзі мейірімен кешіріп жарылқайды.

Қорыта айтқанда пендешілік пен жасаған қателік кемшіліктерімізді. Үлкен кіші күнәләрмізді

кешіріп  тәубемізді қабыл еткей.

СҚО Ақжар аудандық «Үлкен-Қарой» мешітінің Бас имамы Турлубеков А.Б. 

Return to Top ▲Return to Top ▲