ТАЗАЛЫҚ ИМАННАН

  • 207 рет оқылды
  • ТИслам діні тазалыққа үлкен мән берген. Мұсылман адам өзінің раббысына құлшылық жасау үшін дене, киім және құлшылық жасайтын жері тіпті жүректің тазалығы керек екен. Құранда тазалыққа өте мән берген мұсылмандарды мақтап Алланың сүйіспеншілігіне бөленетін іс екенін айтады:ان الله يحب التوابين و يحب المتطهرين »                   

    «Сөзсіз, Алла тәубә еткендер мен тазаланғандарды сүйеді»1.   

     Басқа бір аятта  «Әлдекім тазарса, ол құтылды. Ол Раббының атын еске алып, намаз оқыды»2 енді басқа бір аятта Аллаһ Тағала  былай дейді: «Және сендерді тазарту, өздеріңді шайтанның ластығынан арылту, жүректеріңді орнықтырып, табандарыңды бекіту үшін төбелеріңе көктен жаңбыр жаудыруда еді»3, «Біз көктен таза жаңбыр жаудырдық»4

    Ал пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тазалық жайында былай дейді: «тазалық, иманның жартысы»5. Тағы бір хадис шәріпінде: «Алла кемшілік сипаттардан ұзақ… .  Таза және пәк болғандарды жақсы көреді. Жақсылық иесі… . жақсылық жасайтындарды жақсы көреді.     Жомарт …  . қолы ашық адамдарды жақсы көреді. Үйлеріңіздің айналасын тазалаңыз. Яхудилерге ұқсамаңыз»6. Басқа бір хадисінде «Ыдыстарды жуып, үйдің айналасын таза ұстау, байлық әкеледі»7. Деп тазалыққа деген құштарлығымызды арттыра түссе, басқа бір хадисте «қолында ет пен балықтың жағымсыз иісі бола тұра ұйықтаған адам, (сол жағымсыз иіс себебімен) өзіне бір зиян келетін болса, басқа біреуді айыптамасын»8-деп, бізді ластықтың жамандығынан қорғауда. Біріңіз ұйқыдан оянған кезде, қолдарын үш рет жумай қолын ыдыстың ішіне салмасын. Өйткені қолының қай жерде болғанын білмейді»9– дейді сүйікті пайғамбарымыз. Денедегі шаң-тозаңның ең тез қонатын мүшелерін күніне бірнеше рет жууды әмір етіп, ғұсыл құйынуды жүніптіктен құтылу шарты қылып бұйырған қасиетті дінімізде, дәрет пен ғұсыл жайында хадистер жеткілікті. Мысалы пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Қабыр азабының көбі кіші дәрет (тамшыларынан) сақтанбаудан болады»10 –деп бір тамшы нәжістың өзінен ұзақ болуымызды насихаттаса басқа бір хадисте: «Кімде-кім жақсылап дәрет алса тырнақтарының астына дейін денесіндегі барлық күнәлары шығып кетеді»11 деп, дәреттің тек қана матерялдық емес, сонымен қатар рухани тазалық екенін баяндауда. Сахабалардың бірі дәрет алу кезінде аяғының үстінде тырнақ көлеміндей құрғақ жер тастап кетеді. Мұны көрген пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Дәретіңді жақсылап қайтадан ал» -деп ескертеді. Әлгі сахаба дәретін жақсылап алып барып намазға тұрады.12 Ғұсыл құйыну жайында пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «еш күмәнсіз әр қылдың түбінде жүніптіктің (бір кірі) бар. сондықтан жүніптіктен құтылу үшін ғұсыл құйынған кезде әр қылды жуып, теріні жақсылап тазалаңыз»13. Ислам ғалымдары Құран мен хадистерге қарап, тазалықты төртке бөледі:1.   Дене, киім мен намаз оқитын жердің ластықтан тазаруы. 2.   Өзін  ғайбат,  харам  жеу,  қиянат  жасау,  т.б. күнәлардан тазалау. Бұл тақуа жандардың иманын арт-тыру арқылы тазалану түрі.3.   Жүректің қызғаныш, өркөкіректік, рияшылдық, дұшпандық  секілді  жаман  аурулардан  тазалануы. Олардың орнын кішіпейілділік, тәубе, сабыр, үміт, сүйіспеншілік секілді көркем сипаттармен толтыру. Бұл – тақуа жандардың иман мәртебесі.4.   Жүректің Аллаһтан басқа өзге барлық нәрседен тазалануы. «Ләә иләһә иллалаһ» (Аллаһтан басқа құдай жоқ) тәухид сөзінің жүректен толық орын алуы14. Ата бабамыз: «тазалық –саулық негізі, саулық –байлық негізі». «Көздің тазалығын кірпік сақтаса, жүректің тазалығын ұят сақтайды». «Тазалығы әйелдің тарағынан, батырлығы батырдың жарағынан белгілі».-деп тазалық атаулының өміріміздегі алатын орнын атап өткен. Тазалық ұғымы адамның денесіндегі, киімінде