Жазғы діни сауат ашу курсы

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде 24-маусыммен 15-шілде аралығында жылдағы дәстүр бойынша жазғы діни сауат ашу курсы өткізілді. Білім алушы бүлдіршіндерге бала тәрбиесінде үлкен маңызы бар ислам әдебі, ахлақ сабақтарымен қатар Құран әліппесі, Пайғамбар өмірбаяны, 40 парыз, Алланың есімдері үйретілді. 20 күнге созылған курс шәкірттеріне арнайы сертификаттар табысталып, дастархан жайылады.

Return to Top ▲Return to Top ▲