Зекет парызы насихатталды

Зекет – Ислам дінінің басты бес парызының бірі болғанымен, оның халық арасындағы насихатталуы әлі күнге дейін өз деңгейінде жүйелі түрде жүргізілмей келгені белгілі. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 30 қазан күні «Қызылжар» орталық мешіті бас имамының уақытша міндетін атқарушысы А.Б.Алыпқашев, найб имам Р.Б.Қайыргелді және «Зекет» қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Н. Жұмабаев арнайы іс-сапармен Тайынша ауданына барып, имам, молдалармен, аудан кәсіпкерлерімен, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Аталмыш кездесудің басты мақсаты – қордың мәні мен міндетін түсіндіріп насихаттау, қордың жұмыстарын жандандыру. Осы мақсатпен облыстық мешіті бас имамының уақытша міндетін атқарушысы А.Б. Алыпқашев Тайынша аудандық мешітінде жамағатпен кездесіп, салиқалы уағыз айтты. Кейін аудандық мектептің залында жиылған ауыл ақсақалдарына, имам, молдаларға, тұрғылықты кәсіпкерлерге «Зекет» қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Н. Жұмабаев пен облыстық мешіттің найб имамы Р.Б. Қайыргелі бес парыздың бірі зекет турасында, оның мәні мен мағынасы жайында дайындаған уағыздарын айтып, арнайы бейнефильм көрсетті. Шара соңында жиналғандарға зекет турасында жасалған буклеттер таратылып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралардың жоспары талқыланды.
 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

 

Return to Top ▲Return to Top ▲