«ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Солтүстік Қазақстан облысы «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Қасымхан Абдуллаұлы «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық шарасына қатысты.

ҚМДБ СҚО  өкілдігіне қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық шарасы тұрақты жүргізіліп келеді. Кезекті игі шара аясында «Остеопластоме» – сүйек ісігі  дертімен шалдыққан Алина Рамазановнаға және ІІ топтағы мүгедегі шектеулі Мирас Серикболсыновичқа емдеріне, мұқтаж отбасына 220 000 теңге қаржылай көмек берілді. Солтүстік Қазақстан облысының «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Қасымхан Абдуллаұлы  дерттеріне шипа тіледі.

Return to Top ▲Return to Top ▲