«ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ» ҚАДІР ТҮНІ

«Қызылжар» мешітінде ораза бойы толастамаған ауызашарлардың  ішінде шілденің 1-де берілгені, әрине, ерекше еді: ол әрі жұмаға, әрі Қадір түніне тұспа-тұс келді. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов отбасының атынан берген ауызашарда мешіттің екі асханасында ғана емес, бірінші қабаттағы барлық бөлмелерде дастарқан жайылды. Келушілердің көптігі соншама – әсіресе, әйелдер жағындағы баспалдақтар да бос болмады.

Ауызашардағы ҚМДБ-нің облысымыздағы өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлының уағыз-насихатын Жақсылық Ысқақов, Жұмаш Сейітбеков, Мүтәллап Қанғожин, Зейнолла Олжабаев сияқты ардагерлер және басқалары жылы лебіздерімен толықтыра түсті. Өңір басшысы келушілерге алғыс білдірді.

Бұл түнгі тарауық та есімізде қалды: түркиялық екі қари мен жергілікті екі қари ораза бойы оқыған Құран аяқталды. Құран-хатым түсірген түрік қариларына Алғыс хат тапсырылып, сый-сияпат көрсетілді.

Қадір түні де тартымды өтті. Онда дәстүрлі уағызға қоса діни тақырыпқа викторина ұйымдастырылды. Сөйткенше болмай сәресінің уақыты таяп қалды. Сондықтан мешіттің асты-үстін лық толтырғандардың бәріне дерлік сәресі берілді.

Ал Қадір түніндегі құлшылық таң атқанша жалғасты: бірі – намаз оқыса, екіншісі Құраннан бас алмады, үшіншісі тілек тілеумен болды.

Осылай бәрі де Қадір түнінде кірпік ілген жоқ…

 «Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

DSC00010 DSC00067 DSC00071 DSC00022 DSC00024 DSC00025 DSC00026 DSC00028 DSC00030 DSC00037 DSC00048 DSC00050 DSC00053 DSC00062 DSC00064 DSC00087 DSC00089  DSC00099 DSC00118 DSC00122 DSC00124 DSC00133 DSC00184 DSC00185

Return to Top ▲Return to Top ▲