Бүгін әлемдік ақпарат айдынында бір жағымды жаңалық желдей есті. Яғни, Кувейттің халықаралық қарилар сайысын ұйымдастыру орталығының төрағасы Фарид Имадинның мәлімдеуінше, Кувейтте Х халықаралық қарилардың Құран оқу жарысы осы жылдың сәуір айында болып өтпек. Бұл жайында жергілікті «Al-Siyasiyah» баспасөзі хабарлайды.
Хабарда келгеніндей, жарыс жеңімпаздарына 167 000 кувейт динары берілмек. Өткен жылы ІХ халықаралық Құран жарысына 79 мемлекеттен 130 қари қатысқан болатын. Ал, Х халықаралық Құран жарысының бір ерекшелігі, биылдан бастап жас қариларға да жарысқа қатысуға мүмкіндік туып отыр.