СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруменен Рухани келісім күніне орай өңіріміздін дәстүрлі дін көшбасшыларының қатысуыменен дөнгелек үстел өтті. Жиын барысында дін қызметкерлері аталмыш тақырыпта баяндамалар жасады. Әр тарап діндер арасындағы татулық, достықтың маңызы орасан зор екенін, әрі еліміздің жарқын болашағы үшін қажет екендігін атап өтті. Мерекелік жиналыс құттықтауларменен және БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттармен аяқталды