Oнлайн дәріс жүргізу уақыт талабы

ХХІ ғасыр ақпараттық-технологиялардың қарыштап дамыған уақыты. Бұл тұрғыда жаңа заманның талабына сай озық технологияны жетік меңгеру еңбектеген сәбиден, еңкейген қартқа дейін ауадай қажеттілігі туындап отыр. Ал, ел мен мемлекеттің тұрақтылығы жолында тер төгіп жүрген дін қызметкерлерінің бұл жаңашыл реформалардан да озық жүруі міндетті.

Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Астана қаласындағы «Әзірет сұлтан» мешітінің базасында ел аумағындағы барша мешіт қызметкерлеріне арналған интернет желісіндегі арнайы «онлайн сабақтар» жүйесі іске қосылды.

Аталмыш маңызды жобаның алғашқы дәрісі үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 11-ші жұлдызы күні сағат 17:00-де іске қосылады. Бүгінгі күнде бірінші дәрістен сусындауға еліміздің 19 аймағындағы мешіт пен медреселер қосылуға дайын. Айдың соңына дейін олардың санын 50-ге жеткізу жоспарланып отыр. Аллаһ баршамыздың ілімдерімізді арттырып, екі дүниелік бақытқа жетелер қызметінде жүруімізді нәсіп ойласын.

Сурет http://history-of-world.ru сайтынан алынды. 

www.muftyat.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲