МЕШІТ БАСТАП, ЖАСТАР ҚОСТАП…

Жыл он екі ай бойы қайырымдылық шараларын өткізу немесе өткізуге мұрындық болу мешіттердің бір міндетіне саяды. Осындайда мешіттерге қолқанат болатындар көбейіп келеді. Мәселен, «Қызылжар» орталық мешіті бастаса, оны әдеттегідей С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры қостаса, енді бұл жұп ұштағанға айналып отыр: студенттер де төбе көрсетуде.

Былтыр Петропавл кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері көзге түсіп еді, биыл М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жастары белсенділік байқатты. Сауапты іске «Серпін» бағдарламасы бойынша білім қуып жүргендер ғана емес, басқа да көптеген студенттер ұмтылып, саусақпен санарлық қана аз-мұз стипендияларынан жырымдап қаржы жинады. Студенттердің сый-сияпатына жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған облыстық мектеп-интернаттағы екі қазақ отбасының тәрбиеленушілері болып табылатын жиырма шақты бала бір қуанып қалды.

Қайырымдылық шарасының тағы бір сыйы ұлттық театрымыздың бір топ әртістері мен университет студенттерінің біріккен концерті еді. Өнер үйренетін кезең – балалық шақтың өкілдері болса сахнадан көз алмай қараумен болды.

Бас имам Кенжетай қажы Дүйсенбай қатысқан бұл шарада «Қызылжар» орталық мешіті мектеп-интернаттың бүкіл тәрбиеленушілеріне түскі ас беріп, қайырымдылық ғибратын көрсетті. Онда орталық мешіттің наиб  имамы Қасымхан Исаев уағыз айтты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

DSC06328DSC06362 DSC06300 DSC06289DSC06285 DSC06275

Return to Top ▲Return to Top ▲