Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша ауданының «Қожағұл Махмет қажы» селолық мешітіне Ғабдолла Рүстем Жоламанұлы бас имам болып тағайындалды.
Осыған орай ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы Чкалово селосына іс-сапармен барып, жергілікті жамағатқа жаңа имамды таныстырды. Ауылдың құрметті ақсақалы, мешіт молдасы Елубаев Аманжол атаға мешіт қызметіне жанашырлық танытып, өз үлесін қосқаны үшін бас имам алғысын білдірді. Тағайындалған имамға атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жұма құтпасы оқылып, жаңа имамға ұйыған жамағат намаз оқып, тарқасты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі