«ЕЛ ҮЛЕСІ-ПӘТЕРГЕ»: 3 БАСПАНАНЫҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Уәлиханов ауданында «Ел үлесі- пәтерге» акциясы аясында 3 отбасы баспаналы болды.

Салтанатты іс-шараға қатысқан  облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мақсат Аманжолұлы көмекке мұқтаж отбасыларға №426, 427, 428 үйлердің кілтін табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады.

Мұқтаждың мұңын ойлап, мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына жергілікті жамағаттан біраз адам ат салысты.

Мерейлі іс-шарада үйлі болған үш отбасы да игі жобаның басы-қасында жүрген барша азаматтарға және мешіт имамдары мен жамағаттарына шексіз ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік бұл еліміз бойынша беріліп отырған 428-ші баспана. Мұндай қайырымдылық шарасы еліміз бойынша ұйымдастырылып жатыр.

Return to Top ▲Return to Top ▲