БЕЙБІТШІЛІК- ИСЛАМДАҒЫ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП

Ислам сөзінің түп-тамыры «салима», «юслиму», «ислам» яғни, бейбітшілік, аманшылық деген сөздерден бастау алады, ол Алла тағаланың «Салам» деген көркем есімімен сабақтас. Ал шариғаттағы мағынасы толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа жалған құдайларға табынбау. Алла тағала Құран кәрімде:

هُوَ الله الّذِي لَا إلَهَ إلَّا هُوَ الْمَلِكُ الْقُدُّوسُ السَّلامُ
Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші .

Ислам – Aлла тағаланың Жəбірейіл періште
арқылы сүйікті әрі соңғы пайғамбары Мұхаммедке (с.а.у) жіберген ең соңғы діні. Ол адам баласына осы дүниеде және ақыретте бақытты өмір сүруге жетелейтін қағидалар жиынтығы.

Қазіргі уақытта әлемде 1,5 млрд-қа жуық мұсылмандар өмір сүреді және жыл өте бұл көрсеткіш өсе түсуде. Еліміздің тарихы мен мәдениеті көптеген ғасырлар бойы Ислам дінімен тығыз байланыста дамып келеді.

Ислам – қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі болып табылады.

Return to Top ▲Return to Top ▲