Осы тақырыпта Алматы қаласының орталық мешітінде 200-ден астам имам, ұстаздарының басын қосқан семинарға Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, қала имамдарымен кездесті. Кездесуде имамдардың біліктілігін көтеру мәселесі көтеріліп, қоғам арасындағы оң өзгерістерді қалыптастырудағы дін қызметкерлерінің атқаратын маңызды рөлі жайында айтылды.
Шара барысында Алатау ауданының бас имамы Дәуренбеков Орынбасар және Наурызбай ауданының бас имамы Ахметов Мәди өздеріне қарасты мешіттердің биылғы атқарған, атқарылып жатқан және атқарылуы жоспарланған іс-шараларына қысқаша шолып өтті. Сонымен қатар Алматы қаласы Жастар ісі өкілі Есім Ержан «Табиғи ақыл» тақырыбында баяндама жасады.
«Құремтті имамдар, Алматы дінге қызмет етемін дейтін адам үшін үлкен мүмкіндіктер қаласы. Еліміздің ең ірі оқу орындары, ауруханалар, бизнес орталықтары, кәсіпорындар, мәдениет ошақтары, театрлар, мәдени сарайлар, газет-журналдар, телеарналар бәрі осында орналасқан. Сондықтан мұны біз өте жоғары деңгейді пайдалана білуіміз керек» деді Бас мүфти.
Шараның модераторы Нұрбек Әуесханұлының ұсыныс айтуға кезек беруімен Әбу Ханифа медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Махамбет қажы сөз алып, Бас мүфти бастамасымен жүзеге асқан медреселерге колледж статусын алу шарасынан кейін халық арасында медресеге деген үлкен қызығушылық тудырып, талапкерлер саны едәуір өскендігін жеткізді.
Muftyat.kz