Бас имам өзге ұлт өкілдерін Рождествомен құттықтады

Христиан дін өкілдерінің Рождество мерекесі  Иса (ғ.с.) пайғамбардың туған күніне орай өтетін христиан дініндегі басты мейрамдардың бірі болып саналады.  Қоғамдағы ұлтаралық қатынасты, еліміздегі діни келісім мен толеранттылықты сақтау мақсатында, ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы,  «Облыстық Қызылжар орталық»  мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы мен мешіттің наиб имамы Бақтығали Тұяқбаев Петропавл-Булаево епархиясының епископы, Гуриймен кездесті. Кездесу барысында облыс имамы православтарды мейрамдарымен құттықтап,  қазақстандық қоғамдағы бiрлiк пен ынтымақтың маңыздылығы жайында сөз қозғады және сыйлықтар табыстады. Петропавл-Булаево епархиясының епископы, Гурий Бас имам Кенжетай Байкемелұлына құттықтай келгенi үшiн алғысын бiлдiрдi.

IMG-20160112-WA0007  IMG-20160112-WA0002      IMG-20160112-WA0001 IMG-20160112-WA0006

 

Return to Top ▲Return to Top ▲