Бүгін әйелдер мен қыздарға арналған ZERDE оқырмандар клубының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шарамыз лента қиюмен басталып, рухани мазмұндағы әсерлі кездесуге ұласты. Тұсаукесерге мешіттің бас имамы – Хамзат Қажымұратұлы Әділбеков арнайы қатысып, кітап оқудың маңызы, білімнің адам өміріндегі орны туралы құнды насихат айтты.
ZERDE оқырмандар клубы – әйелдер мен қыз-келіншектерге арналған рухани әрі танымдық орта.
Мұнда біз:
- қазақ әдебиетінің көркем шығармаларын оқимыз
- ой бөлісеміз
- бірге дамимыз
- білім арқылы жүректі нұрландырамыз
Жиында клубымыздың алдағы мақсаттары таныстырылды:
— оқу мәдениетін қалыптастыру
— рухани дамуға жол ашу
— пайдалы орта құру
— қыз-келіншектерді кітаппен дос ету





