“Қызылжар” қалалық мешітінде Наурыз айында Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ұлыс оң болсын, айт құтты болсын!» атты Наурыз және айт мерекелеріне орай әйелдер жамағатына арналған тағылымды шара ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушыларға Наурыз көженің мән-мағынасы түсіндіріліп, оның береке мен бірліктің нышаны екені айтылды.
Сонымен қатар, қазақтың ұлттық дәстүрлері – бесікке салу және тұсау кесер рәсімдері көрсетіліп, олардың тәрбиелік маңызы кеңінен түсіндірілді.
Кешіміз жылы атмосферада өтіп, көпшілікке рухани әсер сыйлады.





