Рамазан айына орай облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде жамағат арасында «Рамазан – Құран айы» атты рухани сайыс ұйымдастырылды.
Сайыстың ашылу салтанатында өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, қасиетті айда Құран оқудың маңыздылығына тоқталды.
Байқау барысында қатысушылар Қасиетті Құран Кәрімнің «Духа» және «Нәс» сүрелері бойынша өз білімдерін сынады. Сайысқа жамағат арасынан 20-ға жуық азамат қатысып, Құранға деген құрметі мен білімдерін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі қасиетті Қадір түнінде өтті.









