Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылының “Кәусәр” мешітінде Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылған Құран жарысының нәтижелері жарияланды.
1-орын
Бахтиярұлы Мадияр
2-орын
Нұржанқызы Әмина
3-орын
Талғатқызы Тамирис
3-орын
Қоныратбайқызы Айша
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алла Тағала алған білімдеріңізге береке беріп, Құран жолында қызмет етуді нәсіп етсін.
Және де Ұстазға алғыс ретінде шапан кигізілді. Әр қатысқан шәкіртке ынталандыру мақсатында қаржылай сыйлық берілді.
Барлық қатысушыларға алғысымыз шексіз! Сіздердің әрбір оқыған әріптеріңіз – сауап, әрбір талпыныстарыңыз – үлкен жетістік.
Құранмен өмір сүрейік, Құранмен көркейейік!





