«ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында сенбілік ұйымдастырды. Іс-шара барысында мешіт қызметкерлері мешіт аумағын және айналасын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Бұл игі шараның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатқа қамқорлық жасау және қоғам мүшелерін экологиялық мәдениетке баулу. ✅ Сенбілікке қатысқан мешіт ұжымы барша тұрғындарды тазалықты сақтау мен туған жердің көркіне үлес қосуға шақырды.

Return to Top ▲Return to Top ▲