ҚАРИҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Мың айдан да қайырлы Қадір түніне арналған рухани бағдарлама аясында «Қызылжар» орталық мешітінде Рамазан айы бойы тарауық намазын жүргізіп, жамағатқа Құран аяттарын әуезді мақаммен оқып берген қариларға құрмет көрсетілді.

Өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы қасиетті айда құлшылықты көркейтіп, жамағаттың рухани сусындауына үлес қосқан қариларға алғыс айтып, арнайы марапат табыстады.

Дәстүрге сай иықтарына шапан жабылып, олардың игі қызметіне береке тіледі.

Return to Top ▲Return to Top ▲