ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен өңірге келді. Сапар барысында ол ислам мәдениетінің музейінде жергілікті имамдармен кездесу өткізді. Жиын рухани бағыттағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды.
Кездесуде Мәлік Нұржанұлы жуырда Бурабай баурайында өткен рухани құрылтайда қозғалған маңызды тақырыптарды атап өтті. Атап айтқанда, діни кадрлардың сапасын арттыру, жастар арасында діни сауаттылықты көтеру, имамдардың қоғамдағы орны мен беделі сияқты мәселелер сөз болды.
Кездесу барысында имамдар да өз пікірлерін ортаға салып, діни ахуалға қатысты ұсыныстарын білдірді. Мәлік Отарбаев олардың ұсыныстарына назар аудара отырып, алдағы уақытта рухани бағыттағы жобаларды бірігіп жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
Бұл жүздесу өңір дін қызметкерлері үшін үлкен серпін беріп, діни саланы дамытудағы жаңа бастамаларға жол ашты.


