Солтүстік Қазақстан облысының орталық «Қызылжар» мешітінде қала және аудан имамдарының қатысуымен оқу-ағарту бағытында семинар өтті. Жиында алдағы 2025 жылға арналған жұмыс жоспары мен жазғы имани курстарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Семинар барысында имамдар діни сауаттылықты арттыру, жастарды имандылыққа тәрбиелеу және қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту жолындағы міндеттерді пысықтады. 2025 жылға арналған жоспарда мешіттердегі оқу-ағарту шараларын жандандыру, жаңа форматтағы дәрістер мен семинарлар ұйымдастыру және діни әдебиеттерді насихаттау көзделген.
Сонымен қатар, семинар қатысушылары жазғы имани курстардың маңыздылығына тоқталып, оларды сапалы әрі қызықты өткізудің жолдарын қарастырды. Курстардың бағдарламасын жасау, білікті ұстаздарды тарту және оқушылардың қызығушылығын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Аталған семинар имамдардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және алдағы жұмыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік берді.
