Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы, республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі Қаюпов Ислам Маратұлы болды.
Ислам Қаюповтың өңірге сапары «Қызылжар» қалалық мешітінен басталды. Ол ақшам намазынан кейін жамағатқа жайылған дастархан басында уағыз насихат айтты.
Сондай-ақ сапар барысында ұстазымыз СҚО бойынша ҚАЖД №48 мекемесінде арнайы болып, жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесті. Жүздесу барысында ол сабыр, шүкір, кешірім, тәубе, үміт және адамгершілік секілді асыл құндылықтар туралы кеңінен айтты.
Сапардың екінші күні Ислам Қаюпов облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде жергілікті жамағатқа «ИСЛАМДА ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ» тақырыбы төңірегінде жұма уағызын айтты.






