Есіл ауданында шәкірттер арасында Құран оқу жарысы ұйымдастырылды. Рухани шараның басты мақсаты – жас буынның Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, діни білімін жетілдіру.
Байқауға қатысқан шәкірттер Құран сүрелерін мәнерлеп оқып, өзара бақ сынасты. Сайыс барысында қатысушылардың оқу мәнеріне және жатқа білу деңгейіне баға берілді.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан шәкірттер марапатталып, оларға алғыс білдірілді. Ұйымдастырушылар мұндай рухани іс-шаралардың жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуде маңызы зор екенін атап өтті.



