ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРНАЙЫ КУРСТЫ АЯҚТАП, СЕРТИФИКАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Облыста С санатындағы дін қызметкерлеріне арналған онлайн форматтағы оқу курсы өз мәресіне жетті. Аталған дәрістерге 10-нан астам дін саласының өкілдері қатысып, кәсіби біліктіліктерін арттырды.

Арнайы курс аяқталған соң облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде дін қызметкерлерінің теориялық білімін тексеру мақсатында қорытынды емтихан ұйымдастырылды. Емтихан нәтижесі бойынша қатысушылар оқу бағдарламасын сәтті меңгеріп, арнайы сертификаттарға ие болды.

Сертификаттарды өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы табыстап, дін қызметкерлерінің білімін жетілдіруге бағытталған мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, бұл курс дін саласындағы мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға және қоғаммен тиімді байланыс орнату қабілетін күшейтуге бағытталған.

Return to Top ▲Return to Top ▲