АНАНЫҢ СОҢҒЫ ХАТЫ… (Оқыңыз, ойға түйіңіз!)

Бір адам үйленіп, әйелі күйеуінің анасымен бірге тұруға келіспеді. Үйдің жалғызы болғандықтан, кейуананы қарайтын адам табыла қоймады. Ақырында ол анасын қарттар үйіне тапсырды және үш жыл бойы барып халін сұрамады. Кейін анасы ауырып, ауруханаға түсті. Сол жерде ол дәрігерге бір жүрекжарды жазба жолдады және бұл хатты тек өзі қайтыс болғаннан кейін ұлына беруін өтінді.

Анасы қайтыс болған соң, ұлы ауруханаға анасын алып кетуге келгенде, дәрігер оған әлгі хатты табыстады. Онда былай жазылған еді:

«Сүйенішім, жүрегім сені әрдайым аңсайды. Сен көз алдымнан кетпесең де, бейнең үнемі көк жүзінде қалықтап тұрғандай.

Үш жыл болды, көзім жасқа толып, сені күтіп отырмын.

Сенің жүзіңді көрмедім, құлыным.

Есіңде ме, сені қалай еркелетіп өсіргенімді?

Сені қолыммен тербетіп, артыңнан жүріп отыратынмын.

Даусымды естіп ұйықтап, құшағымнан жылу алатын едің.

Жүрегімде сенен басқа ешкім болмап еді.

Ауырып қалсаң, қасыңнан кетпей, түн ұйқымды төрт бөліп күтетін едім.

Таң мен кешті ажырата алмай, сен үшін көз ілмейтінмін.

Саған қанша мейірім бердім, саған үміт артып, өсуіңді күтіп жүрдім.

Бірақ, өкінішке орай, сен мені сатып кеттің.

Әйеліңе беріліп, менің азабымды ұмыттың.

Мен оның сені менімен бірге тұрғызбайтынын білдім.

Ол: «Қарт анаңды менімен бірге тұрғызғым келмейді», – деді.

Сен мені қарттар үйінде қалдырып кеттің.

Бұл менің еңбегімнің, аналық махаббатымның қайтарымы ма?

Сенің аяғыңның астында қызметші болсам да риза болар едім,

Тек күнде сені көріп, разылығыңды сезінгім келетін.

Рақмет, балам. Еңбегіңе алғыс.

Сендер үшін үнемі тура жол тілеймін.

Қуаныш! Қуаныш, анаң саған аманат қалдырады.

Бәлкім, аманатымды көруге үлгермей қаласың деп қорқамын.

Қарттар үйінің дәрігеріне осы хатымды беруін өтіндім.

Бұл хат – менің көз жасыммен жазылған сөздер.

Мен өлген соң, маған дұға етуден тартынба.

Мен үшін Алладан кешірім сұра, жалғыз тілегім – сол.

Қабірімнің топырағын көзіңнің жасымен суар.

Сол кезде кешірім сұрау мен өкінішің тым кеш болады…»

Қорытынды тілек:

Егер анаңыз бұл дүниеден өтсе – Алладан оған рақым мен кешірім тілеңіз.

Ал егер ол тірі болса – Алла оны аман сақтасын!

Және Пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ салауат айтыңыз.

Abdulakhad Smanov-тың фб парақшасынан

Return to Top ▲Return to Top ▲