ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ 80 ЖАСҚА ТОЛДЫ

Бүгін облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің жанынан құрылған Әжелер мектебінің төрайымы Ырысжамал қажы Әбенқызы 80 жасқа толды.

Мерейтойға орай С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханада салтанатты жиын өтті. Оған Ырысжамал қажы Әбенқызының жақындары, әріптестері, достары, замандастары жиналып, өздерінің жүрекжарды тілектерін жолдады.

Жиында өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлының атынан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің азаншысы Азамат Сәрсенов құттықтап, иығына шапан жапты.

«Сізді 80 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Өңіріміздің «Әжелер мектебінің» төрайымы, ұлағатты ұстаз ретінде ұлттық құндылықтарды насихаттау, тілімізді, әдебиетімізді жандандыру, салт-дәстүрімізді болашақ ұрпақтың бойына сіңіру жолында өңірімізде белсенді қцзмет етіп келесіз. Алла жолында сауапты істердің атқарылуына ұйытқы болып, имандылық ізгі істеріңіздің сауабы өзіңізге еселеп қайтсын! Сізді осы айтулы 80 жылдық төл мерекеңізбен құттықтай отырып, өзіңізге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыңызға амандық, екі дүниенің жақсылығын тілеймін»,- деді Хамзат Қажымұратұлы.

Return to Top ▲Return to Top ▲