Орталық мешітте ұстаздармен кездесу өтті

Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік  – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз.

Бүгін «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Петропавл қаласына СҚО-ның әр аумағынан біліктіліктерін арттыруға келген мұғалімдермен «Рухани келісім күніне»  арналған дөңгелек үстел өтті. Жиын видеоролик көрсетілумен басталды. Кездесу барысында орталық мешіттің наиб имамы Мұхаммад-Құтб Файзиев «Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік», «Исламның бес парызы»,  «Иманның шарттары»,  ҚМДБ-ның атқарып жатқан жұмыстары,  «Жастарға рухани тәрбие беру» т.б тақырыптар турасында сөз сөйледі.

 

 dsc09419dsc09398

dsc09430

dsc09394

     Жиын соңында М.Жұмабаев ауданы, Булаев қалалық орта мектептің директоры Шегебай Нұрғожин және мектеп мұғалімдері Біржан Мағжан, Күлзағира Бекенқызы тараптарынан дінаралық келісімді нығайту және ел тыныштығын орнату үшін қандай шаралар ұйымдастырып жүрсіздер? Қазақстан аумағындағы ислами оқу қандай оқу орындар бар? Орталық мешітте шамамен қанша шәкірт оқиды? Молдалар арнайы дайындықтан өте ме? Салафизммен күресу барысында қандай нәтижелер болып жатыр? Қазақстанның әр аумағында жерлеу рәсімдері неге әртүрлі? деген сұрақтарына наиб имам тұшымды жауап берді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲