«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Әжелер мектебінің» ұйтқы болуымен мешіт шәкірттеріне қой сою және ет жасаудың дұрыс тәсілін көрсетті. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы жастарға қойды сойғанда жасалатын амалдарды, оқылатын дұғаларды айтып берді.
Бешбармақ қазақтың ұлттық тағамыдарының бірі. Сондықтан әрбір қазақ ет пісіру, оны дұрыс табаққа сала білу қажет. Міне, осы турасында ақ жаулықты әжелер –Роза Өстемірқызы, Роза қажы, Халида Мінайдарқызы жастарға мұның жай-жапсарын түсіндірді.
Жастардың тараптарынан: Қойдың құлағы кімге арналады? Шұжық мен қазы қалай пісіріледі? деген сұрақтар қойылып, әжелер тарапынан тұшымды жауап берілді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі