Сауд Арабия Өкіметі Мекке мен Мединеге жыл сайын қажылықтарын өтеуге келетін қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 30 мыңға жуық медициналық қызметкерлерді жұмылдырмақ. Бұл жөнінде Сауд Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігінде мәлімдеген.
Қажылық мерзімі кезінде қиындыққа ұшыраған қажыларға кез-келген уақытта жәрдем көрсетуге дайын болар 30 мыңға жуық медициналық қызметкерлер жұмылдырылуда.
Бұдан басқа, ведомство қажыларға қызмет көрсететін қызметкерлердің барлығын дерліктей менингит пен тұмаудан вакциналау бағдарламасын іске қосқан. Жидданың халықаралық әуежайына ұшып келген шет ел қонақтары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стандарттарына сай медициналық куәландырудан өтуге міндетті. Бұған қоса, Сауд Арабия елшілігіне визаға өтініш беру кезінде, міндетті түрде менингиттен вакциналау алғандығы жөніндегі анықтаманы көрсетулері қажет.
Қажылық кезінде Арафат тауының және әлемдегі ең үлкен «шатырлы» қалашық орналасатын Мина жазығының маңайындағы 25 аурухана, сондай-ақ, Мекке мен Мединедегі ауруханалар күшейтілген режимде қызмет көрсетуге көшіріледі. Бұл жерлерге тамыз айының соңғы күндері мен қыркүйек айының басында — қажылық жораларын өтеуге келген миллиондаған қажылар жиналады.
Ведомство 150 мобильді госпиталь ашуды жоспарлап отыр, жалпы алғанда, бір уақытта 5 мың адамға дейін медициналық көмек алатын болады. Ал жедел тасымалдау үшін Денсаулық сақтау министрлігі 100 жедел жәрдем көлігін бөлмек.