Бір айға жуық уақытқа созылған ораза аяқталғаннан кейін айт күндерін қуанышты көңілмен өткізген облыс мешіттері дәстүрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға кірісіп кетті. Облыс орталығындағы «Нұр» қалалық мешіті жуырда 20 отбасына 6 кг ет және басқа да азық-түлік ұсынды. Оған осы мешіттің наиб имамы Зиятбек Наржігітов қатысты. Ал Айыртау ауданы, Қарасай ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен тұрмысы төмен отбасыларға ақшалай және заттай көмек көрсетілді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі