«Салт-дәстүр жас ұрпаққа өнеге» – «Қызылжар» орталық мешітінің әйел-қыздар секторының осындай тақырыппен өткізген шарасы тартымдылығымен тәнті етті. Оған тәжік диаспорасының қыз-келіншектерінің қатысқаны да қуантты.
Ибраһим қаридың аят оқуымен басталған шарада мешіттің кең залына қойылған үстелдерге жайғасқан әйелдер жамағатына сұрақтар таратылды. Қатысушылардың жауаптарын қазылар алқасы бағалады. Толымды жауаптармен көзге түскендер сый-сияпатқа ие болды.
Бұл шарада бір топ қыз балаларға сәлемдесу тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ одан кейінгі «Әже мен немере» атты сахналық қойылым да ойландырмай қоймайды.
Танымдық шара ас берумен түйінделді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі