«Қызылжар» облыстық мешітіндегі қыз-келіншектер секторының жетекшісі, ұстаз Айымжан Сейдалиеваның ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өткізілді. Онда ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы құттықтау лебізін білдірді.
Бұл мерекеге жан-жақты әзірлік жасаған әйелдер жамағаты шараға тартымды сипат бере білді. Мешіттің асханасына жиналған олар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жайында ғана емес, Мәуліт және жекелеген хадистер хақында әсерлі әңгімеледі. Сондай-ақ ұйымдастырылған викторина да кештің ажарын аша түсті.
Кеш тұсаукесер рәсімін өткізумен тәмамдалды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі