СҚО, Қызылжар ауданы, Соколовка ауылдық әкімшілікте Рухани келісім күніне орай дінаралық дөнгелек үстел өтті. Бұл шараға ауыл әкімінің орынбасары Сара Егизбаева, бас маманы Талғат Оразбаев, «Рахман» мешітінің имамы Мұқанов Берік, ауыл тұрғындары, мұғалімдер, және де дін өкілдері қатысты. Шара барысында шақырылған қонақтар атап айтқанда ҚМДБ-ның СҚО, Қызылжар ауданы бойынша бас имамы Қадырбек Қуанышұлы Шарипов «Ислам бейбітшілік діні» атты екі тілде баяндама жасады. Отырыс соңында ауыл тұрғындары, мұғалімдер тарапынан сұрақтар қойылып, дін маманынан тұшымды жауап алды. Шара соңында «Рахман» мешітінің жанашыры, осы ауылдын тұрғыны Дәметкен Махина келген қонақтарға өз атынан алғыс білдіріп, мұндай отырыстардың ауыл тұрғындары үшін өте маңызды екенін, әсресе қазіргі уақыттағы дәстүрлі идеяларға сәйкес діни ақпараттандыру қажет екенін айтты. Бұл мереке еліміздін ынтымағын нығайта түсетіні сөзсіз.