Жаңа жылды дәріптеп, екі ай бұрын дайындық көруде, тәуелсіздігімізге дайындық жоқтау. Десекте бүгін қуанышты жаңалық естіп отырмыз.
«Астанадағы Хан шатырында Тәуелсіздіктің 20 жылдық құрметіне жалпы салмағы 300 келі болатын ет асылмақшы. Үйде ғана қазан көтеріп үйренген қазаққа ғана емес, елімізді мекендейтін өзге ұлттар мен қадірлі қонақтарға да жеңсік ас ретінде белгілі ет ұланасыр рәсім ретінде тұңғыш рет ұйымдастырылмақшы. Акция 16 желтоқсанда «Хан Шатырында» Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Бұл туралы кеше «ҚАЗБРЕНД» қоғамдық қоры мәлімдеді» – дейді, айтулы ақиқатты жазатын Айқын газеті.
Сондай-ақ, бұл жағдай елімізде бірінші рет болғалы жатқанымен, мұндай үлкен көлемде ас әзірлеу әлемде болмаған көрінеді. Осы арқылы әлемді таңқалдырар жайттармен толығатын – «Гиннестің рекордтар кітабы»на ену жоспарланып отыр екен.
Дайындаған: www.ekb-meshiti.kz тілшілері.