ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА «ROYAL» ГҮЛ ДҮКЕНДЕР ЖЕЛІСІНІҢ ИЕСІ УАҚЫПНАМА АЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында орналасқан “ROYAL” гүл дүкендер желісінің иесі Батырша Аман Смайлұлы игі ниетпен уақыпнама алды.

Уақыпнаманы Солтүстік Қазақстан облысы облысы бойынша Уақып қорына жауапты маман Мухаммад Қасымханұлы ресми түрде табыстады.

Аман мырза адал кәсіп арқылы елге қызмет етіп қана қоймай, табысының бір бөлігін уақып жолына арнау арқылы сауапты істі жалғастыруға ниет білдірді.

Осы сауапты бастамасы үшін Уақып қоры Батырша Аман Смайлұлына шынайы алғысын білдіреді. Алла Тағала жасаған амалын қабыл етіп, кәсібіне береке, табысына молшылық, отбасына амандық пен тыныштық нәсіп етсін!

Return to Top ▲Return to Top ▲