Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен барша жамағаттың атсалысуымен Мысыр Араб Республикасында білім алып жатқан қазақстандық студенттерге ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Қасиетті Рамазан айында бірлік пен бауырмалдықты арттырған
бұл игі шара – жамағаттың ауызбіршілігі мен жанашырлығының айқын көрінісі болды.
Алла Тағала ниеттеріңізді қабыл етіп,
жасаған садақаларыңыз бен қайырлы істеріңізді еселеп сауапқа жазсын!




