Бүгін орталық мешітте «Рамазан – береке мен сабыр айы» атты мектеп оқушыларына арналған тағылымды шара өтті.
Шара барысында балаларға Рамазан айының мән-маңызы түсіндіріліп, қызықты сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетіп, рухани әсер алды.
Сондай-ақ, қасиетті ай құрметіне балаларға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл олардың қуаныштарын еселеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.




