Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұжымы тағы бір білікті маманмен толықты. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Еңбеков Дәуренбек Қабиболлаұлы облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.
Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Аян Болатұлы жұма намазына жиылған жамағатқа жаңа қызметкерді таныстырып, Бас мүфти бұйрығын оқып берді. Дәуренбек Қабиболлаұлына ізгі ниетін білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Еңбеков Дәуренбек Қабиболлаұлы – СҚО, Жамбыл ауданы, Айымжан ауылының тумасы. 2014-2017 жылдары Астана медресе колледжін тәмамдаған. 2019-2025 жылдар аралығында Мысыр мемлекетіндегі «Әл-Азһар» университетінде оқыған.