СҚО-да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай «Қайырымдылық сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны өтті. ҚМДБ бастамашы болған игі шараға солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер де қолдау көрсетті.
Бұл күні өңіріміздегі тұрмысы төмен 400-ге тарта отбасыға азық-түлік сөмкелері таратылды. Оған ұн, қант, күріш, сұйық май секілді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік салынған.
Қасиетті Рамазан айынан бастап еліміз бойынша «35 мың азық-түлік себетін тарату» акциясы қолға алынды. Игі жоба жыл бойы жалғасады. Қайырымдылық акция аясында мұқтаж жандарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі.





