НИСӘ СҮРЕСІ

АТАУЫ

Нисә сөзінің мағынасы «Әйелдер», дегенді білдіреді. Кейбір діни кітаптарда Талақ сүресіне да Ниса сүресі деп атайды. Екеуін ажырату үшін ұзын Нисә сүресі, қысқа Нисә сүресі деп бөлген.

РЕТТІЛІГІ, АЯТ САНЫ

Құранғы реттілігі жағынан төртінші сүре, Құрандағы Бақара сүресінен кейін бет саны жағынан ұзақ сүре, аят саны – 176, ұзақ жеті сүренің бірі. Сүре ғалымдардың кейбір тұжырымы бойынша хижреттің үшінші жылының соңында, төртінші жылының басында Мумтәхинә сүресінен кейін түсті деген дерек бар.Құранның 5-6 параларында орналасқан.

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Бұл сүре туыстық байланыс жайында басталып, ислам қоғамын құрудағы әйел мен еркектің орны жайында айтылады, үйленуге харам болған әйелдерді тізбектеп шығады кейін әйелдер мәселесіне ауады, оларға қатысты үкімдер, олардың құқықтары, үйлену кезінде төленетін қалың малы, мұрасы, оларға жасалатын жақсылық түрлері.

АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын):
«Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) маған: «Қанекей, Құран оқышы», – деді. Мен: «Уа, Алланың елшісі, сізге түскен Құранды өзіңізге қалай оқымақпын?» – дедім. Сонда ол: «Мен Құранды басқалардың аузынан тыңдағанды ұнатамын», – деді. Содан мен «Ниса» сүресін оқи бастадым. Сөйтіп, «Ей, Расулым! Әрбір үмбеттен бір-бір куә (яғни, әр қауымның өз пайғамбарын) шығарғанымызда және сені мыналарға (яғни, бүкіл кәпірлерге) қарсы куә ретінде әкелгенімізде, олардың жағдайы не болар екен[1] деген аятқа келгенімде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әзірше осы да жеткілікті», – деді. Оған бұрылып қарағанымда, көзінен жас парлап, жылап отыр екен»[2], – деп айтты.  

ІНЖУЛЕРІ

Ал егер ерлі-зайыптылардың ажырасып кетуінен қорықсаңдар, ер адамның өз жұртынан бір әділ төреші, сондай-ақ әйелдің төркінінен де бір әділ төреші тағайындаңдар. Бұл екеуінің ниеті оларды жарастыру болса, сөзсіз, Алла тағала оларды қайта табыстырады.

(Нисә сүресі 35-аят)

Бір Аллаға құлшылық жасап, Оған еш нәрсені серік етіп қоспаңдар. Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Сондай-ақ жақын туыстарыңа, жетімдерге, кедей-кепшікке, жақын көршілеріңе, алыс көршілеріңе, (сапарлас немесе жақын) жолдастарыңа, (елінен жырақта жүрген) мұқтаж жолаушыға және қоластыларыңдағы құлдарың мен күңдеріңе жақсылық жасаңдар.

(Нисә сүресі 35-аят)

Алла сендерге аманаттарды иелеріне қайтаруды және адамдар арасында билік айтқандарыңда әділ үкім шығаруды бұйырады.

(Нисә сүресі 58-аят)

Олар Құранға терең ой жүгіртіп, оны лайықты түрде түсінуге тырыспай ма?! Егер ол Алладан басқа біреуден келгенде, онда олар міндетті түрде оның ішінен талай қайшылықтар табар еді.

(Нисә сүресі 82-аят)

(Уа, мүміндер) Сендерге сәлем беріліп, игі ниет білдірілгенде, сендер одан да артық ниет білдіріп, одан жақсы сәлем беріңдер немесе жоқ дегенде дәл солай сәлем қайтарыңдар.

(Нисә сүресі 86-аят)

Олар (істеген опасыздықтары мен күнәларын) елден (адамдардан) жасыруға тырысады да, (Алланың соның бәрін көріп тұрғанын мүлдем ескермейді). Әйтсе де, олар түнделетіп Алла разы болмайтын (өтірік айтуды, жала жабуды, опасыздық жасауды, сондай-ақ ақиқатты бұрмалауды) сөз қылып, әр қилы қитұрқы жоспарлар құрып жатқанда, Алла олардың басы-қасында еді. Алла олардың не істеп, не қойып жүргенін (бәрін естіп көретіндігімен шексіз ілімі һәм құдіретімен) толық қамтып білуші.

(Нисә сүресі 108-аят)


[1] Нисә сүресі 41-аят                                                                                           

[2] Бұхари хадистер жинағы

Return to Top ▲Return to Top ▲