Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің азаншысы Азамат Амандықұлы Сарсенов еліміздің діни оқу орындарына түлектерді үгіттеу мақсатымен М.Жұмабаев ауданына барып қайтты. Іс-сапар барысында Азамат Сарсенов аудан имамы Жеңіс Шимпаевпен бірлесе Сарытомар, Қарақоға ауылдарында мектеп оқушыларымен кездесіп, асыл дініміздің құндылықтары, діндегі білімнің орны жайында уағыз айтты. Мектеп бітіруші түлектерге еліміздің медреселері туралы кітапшалар мен жарнамалар көрсетіп, таныстырды. Кездесу барысында оқушылар діни оқу орындары жайлы сұрақтар қойып, қызығушылықтарын байқатты.
Сондай-ақ Азамат Амандықұлы аудандық мешітте жамағатпен, жергілікті тұрғындармен болған кездесуде ғибратқа толы уағыз айтты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі