Ағымдағы жылдың 6 сәуір күні облыс имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы өткізетін кезекті дәрісінен кейін қажы апаларға мешіт ұжымы атынан шексіз алғысын білдірді.
Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялағанына байланысты облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде ұлттық Наурыз мерекесінде қажы апаларымыздың ұлттық киім киіп, мешітке келген халыққа бауырсақ пен наурыз-көжеден дәм таттырып, ҚМДБ-ның бастамасымен жарыққа шыққан «Дін мен дәстүр» кітабының 100 данасын тегін таратып, халықтың зор ризашылықтарына бөленді. Осы игі шараны ұйымдастыруда зор жауапкершілік пен белсенділік танытқаны ақ жаулықты аналарымыз алғыс хатпен марапатталды.
Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Бір-бірлеріңе сыйлық жасаңдар, араларыңды сүйіспеншілікке жетелейді» демекші, апалардың да көңілдері көтеріліп, алғыстарын білдірді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі