Ақпан айының 13-жұлдызында Қызылжар қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Қанат Жылқыбайұлы СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен кездесіп, «Суицид емі – иманда» және «Исламдағы ер мен әйелдің міндеттері» тақырыбында сөз қозғады.
Қанат Жылқыбайұлы өз сөзінде «ислам дінінде мұсылманның өз-өзіне қол салуы – үлкен күнә, қазақ халқының әдет-ғұрпында дұрыс саналмайтын құбылыс» деді. Дін турасында ер мен әйелдің танысуы, құда түсу әдебі, некелесу шарттары, ерлі-зайыптылардың міндеттері жайында толыққанды түсіндіріп өтті. Тыңдаушылар ойда жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын ала алды. Аталған іс-шараға 50 адам қатысты.