РУХАНИ МАҢЫЗЫ ЗОР ШАРА

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы  Тоқшын мектеп – гимназиясында  «Қоғамда және өз әлемінде өмір сүру» деген тақырыпта семинар өтті. Оған Аққайың аудандық мешітінің бас имамы Бердыбеков Ақылбек Жеңісұлы және аудандық «Приход Сирафима Саровского»-нің басшысы Подлесный Николай, ішкі саясат бөлімінің орынбасары, ауданның барлық мектептердің мұғалімдері қатысты.

Осы шара аясында мектеп оқушыларына  «Психологиялық еңбек және интеллектуалды, эмоционалды толеранттылық жолы», «Толеранттылық әлемінде», «Әлем көзі толеранттылық негізін қалыптастыру», «Мәдениет диалогы» жөнінде баяндамалар айтылды.

Бұдан соң шәкірттер дін өкілдеріне өздерінің сұрақтарын қойды. Аудан имамы «Сабырлық», «Теріс ағымдардан сақтану, олардын белгілері», «Білім алудың маңыздылығы» жайында  уағыз айтты.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Return to Top ▲Return to Top ▲