Мустафин Канат Желкыбаевич 2022 жылдың 9-желтоқсанынан «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық Ислами діни бірлестігінің филиалы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы «Нұр» мешітіне имам болып тағайындалды.
Жаңа имамды тағайындау үшін Солтүстік Қазақстан облысының Бас имамы Хамзат Қажымұратұлы арнайы «Нұр» мешітіне барды. «Аманатқа берік болу» турасында жұма уағызы айтылып, намаз оқылды. Қасиетті жұма күні жаңа қызметке ие болған имамға жамағат жемісті еңбек жолын тіледі.