Солтүстік Қазақстан облысында «Қызылжар» орталық мешіті және «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Оған өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы арнайы қатысты.
Игі шара барысында 150-ге жуық әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты аналардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтары бар сөмкелер үлестірілді. Ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясына атсалысқан қолы ашық, жомарт жандарға ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, СҚО бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 500-ге жуық отбасыға көмек көрсетілді.