ҚМДБ-ның шешімімен биыл алғаш рет республикалық «Қажылық» қоры арқылы жергілікті жердегі діни қызметкерлерге жалақы төлей бастады. «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Алыпкашев Аян СҚО бойынша 3 имамға «Қажылық» қордан төленетін жалақыны салтанатты түрде табыс етті. Бұл жалақы жыл бойы республикалық қордан тізімдегі имамдарға 50 000 (елу мың) теңге көлемінде жалақыны міндетті түрде төлеуге шешім шығуының нәтижесі болмақ.
Осыған орай, Уалихан ауданына қарасты Өндіріс ауылының молдасы, Есіл ауданының бас имамы және сол ауданға қарасты Николаевка ауылының «Көбеш» мешітінің имамдары алғаш жалақыларына ие болды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз хатшылығы